Қазақстандық файтер UFC-дегі алғашқы айқасы алдында салмақ өлшеуден өтпей қалды

АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (10-0) UFC-дегі алғашқы айқасы алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.

Қазақстандық файтер UFC-дегі алғашқы айқасы алдында салмақ өлшеуден өтпей қалды
Фото:instagram.com/nurgozhay_diyar

Қортындысында, қазақстандық спортшы таразыда 95.48 келі көрсетіп, белгіленген лимиттен 2.3 келі ауыр шықты. Ал қарсыласы Брендсон Рибейро (16-7) 92.98 келі көрсетіп, лимитті сәтті орындады.

Алайда, қарсыласы келіскен жағдайда, қазақстандық файтер айыппұл төлеп жекпе-жекті жалғастыра алады.

Айта кетейік, Дияр жартылай ауыр салмақта осыған дейін 10 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жеткен.

Қазақстандық файтер өткен жылы UFC президенті Дана Уайттың Претенденттер сериясында жеңіске жетіп, UFC-пен келісім жасасқан болатын

Еске салайық, Дияр-Брендсон айқасы 15 науыз Лас-Вегаста өтетін UFC Vegas 104 турнирі аясында өтеді.

Соңғы жаңалықтар