Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық «классиктер» U20 әлем чемпионатын бір алтын медальмен аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында грек-рим күресінен бәсекелер аяқталды.

Қазақстандық «классиктер» U20 әлем чемпионатын бір алтын медальмен аяқтады
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы бұл додада бір медаль жеңіп алды.

67 келіге дейінгі салмақта белдескен Қазыбек Қалмағамбетов алтын медаль иеленіп, өз салмағында үздік атанды.

Медальдар есебінде Қазақстан жетінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы иеленді. Әзербайжан екінші орынға ие болды (1 алтын, 1 күміс, 3 қола). Үшінші орынды Армения мен Өзбекстан бөлісті. Олардың еншісінде бір алтын, бір күміс және екі қола медальдан бар.

Еске салайық, бұған дейін Әзім Ниязов таеквондодан Пәкістандағы турнирде қола жүлдегер атанғанын хабарлағанбыз.