Қазақстандық қос жасөспірім теннисші Аустралия чемпионатында бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – Жасөспірімдер арасында 18-25 қаңтар аралығында өтетін Аустралия ашық чемпионатында кімдердің бақ сынайтыны белгілі болды. 

теннисші
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, біздің елімізден аталмыш жарыстың негізгі бөлігіне жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 16-орында тұрған Әмір Омарханов пен 73-сатыдағы Заңғар Нұрланұлы қатысады.

Бұл Заңғар Нұрланұлы үшін алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі болмақ. 

Ал Әмір Омарханов өткен жылы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына дейін жетіп, ерекше серпіліс туғызған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының биылғы үшінші титулын жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар