Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға жете сала бірден жұмысқа кірісті

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға келгеннен кейін бірден жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Kazinform Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

ауғанстан
Фото: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары түнгі уақытқа қарамастан іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті.

Қазақстандық құтқарушылардың жұмыс аумағы — Герат қаласынан 25-30 км қашықтықтағы Наиброфи жері.

Биліктің айтуынша, бұл учаске ең қиын саналады: осы маңда хабар-ошарсыз кеткендердің саны көп.

Герат билігі құтқарушыларға жеделдігі үшін алғыс айтып, тәулік бойы жұмыс істеуге ниет білдіргеніне таң қалды. 

Соңғы жаңалықтар