Қазақстандық мейрамханалар әлемдік La Liste рейтингіне енді

АСТАНА.KAZINFORM - La Liste жасаған 2025 жылдың ең үздік 1 000 мейрамханасы тізіміне 4 қазақстандық мейрамхана енді. Бірінші орынды АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Франция, Германия, Жапония және Қытай елдерінің мейрамханасы өзара бөлісті.

Қазақстандық мейрамханалар әлемдік La Liste рейтингіне енді
Фото: restolife.kz

La list жариялаған жаңа рейтингіге сәйкес, тоғыз мейрамхана 99,5 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Олар: 

Cheval Blanc by Peter Knogl — Grand Hôtel Les Trois Rois — Швейцария;

Guy Savoy — Франция;

LEnclume — Simon Rogan — Ұлыбритания;

La Vague dOr — Le Cheval Blanc — Франция;

Le Bernardin — АҚШ;

Lung King Heen — 龙景轩 — Қытай;

Matsukawa — 松川 — Жапония;

Schwarzwaldstube — Германия;

ingleThread — АҚШ.

Төрт үздік қазақстандық мейрамхана ішінде Алматыдағы «Огонёк» мейрамханасы ең жоғары балл алды – 76,5. 

Ал Астанада орналасқан «Qazaq Gourmet» және «Selfie» 76 ұпай жинаса, Алматы қаласындағы «Қазақ ауылы» 75 ұпайға ие болды. 

Осылайша, төрт қазақстандық мейрамхана La Liste нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік 1 000 мейрамхананың қатарына енді.

Бұған дейін Париж мейрамханасында қазақстандық аспаз өз қолынан шыққан тағамдарын ұсынғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар