Қазақстандық семсерлесушілер Италияда өтетін Гран-приге қатысады

АСТАНА.KAZINFORM  - Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Италияның Турин қаласында өтетін Гран-при сериясындағы турнирге қатысады.

семсерлесуші
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, аталған ірі халықаралық жарыс 5-7 ақпан аралығында өтеді.

Италияда ел намысын София Актаева, Алёна Гноева, Ғалым Нұрымов және Тимофей Семёнов қорғайды.

Айта кетейік, Қазақстан Бахрейндегі турнирде үш медаль жеңіп алды.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы оқу-жаттығу жиынына кірісті.

Оралдағы жарыстан кейін Азия чемпионатына баратын жасөспірімдер іріктеледі.

 

Соңғы жаңалықтар