17:08, 03 Наурыз 2026 | GMT +5
Қазақстандық семсерлесушілер Венгриядағы Гран-при турниріне қатысады
АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық семсерлесу федерациясы алдағы уақытта Гран-при турниріне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Венгрияның Будапешт қаласында өтетін жарыста медальдар мен рейтингтік ұпайлар семсерлесушілер арасында сарапқа салынады.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасының тізіміне екі спортшы енді. Будапештте Владислава Андреева мен София Николайчук ел намысын қорғайды.
Венгриядағы Гран-при 13-15 наурыз аралығында өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан тарихында алғаш рет семсерлесуден шпага бойынша әлем кубогі кезеңі өтпек. Халықаралық дода 26-29 наурыз күндері Астанадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде ұйымдастырылады.
Астаналық таеквондошы Тоғжан Қазынабек Болгария төрінде топ жарды.