Қазақстандық сейсмологтер Ауғанстандағы жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 28 наурыз сағат 15:55-те жер сілкінісі тіркеді.

Ауғанстан
Фото: freepik.com

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 861 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.3. MPV магнитудасы – 5.7. Жер сілкінісінің координаттары – 36,78° с.б. 71,26° ш.б. Тереңдігі – 120 км.

Қазақстанда сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.