16:22, 03 Шілде 2025 | GMT +5
Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстандағы жер сілкінісін тіркеді
АСТАНА.KAZINFORM — Бүгін Астана уақытымен сағат 13:58–де Ауғанстан аумағында жер сілкінісі болды. Бұл туралы «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.

— Жерасты дүмпулері келесі координаттарда тіркелді: солтүстік ендік 37.23 градус, шығыс бойлық 70.88 градус, — делінген хабарламада.
Зілзаланың магнитудасы mb = 5, энергетикалық класы K = 10.9 болды.
Еске сала кетейік, 30 маусым күні таңғы сағат 07:32–де Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Ауғанстанда тағы жер сілкінісі тіркеген болатын.
Ал Жапонияда бір жарым апта ішінде 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелгені белгілі болды.