Қазақстандық сейсмологтар бүгін үш рет жер сілкінісін тіркеді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 23 қараша күні үш жер сілкінісін тіркеді.

Біріншісі Астана уақытымен 10 сағат 45 минут 43 секундта болды. Жер сілкінісінің координаттары: 40,906 N. 77.759 Е. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстікке қарай 265 шақырым жерде орналасқан.
Екіншісі – 13 сағат 32 минут 57 секундта тіркелген. Жер сілкінісінің координаттары: 39,319 N. 71.598 Е. Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 620 шақырым жерде орналасқан.
Үшінші – 15 сағат 06 минут 53 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 42,060 Н. 80.481 Е. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым жерде орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметінше, Қазақстан Республикасының аумағында сезілу байқалмаған.
20 қараша күні Қырғызстанда шамамен 4 балдық жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.