Қырғызстанда шамамен 4 балдық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА.KAZINFORM — Қырғызстанның Баткен облысында бүгін сағат 04:53–те шамамен 4 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Кабар агенттігі.

Алматыда жер сілкінісі сезілді
Фото: aa.com.tr/ru

Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Лейлек кентінен солтүстікке қарай 6 км, Рават ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км жерде орналасқан. Катран ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 км, Сүлікті қаласынан шығысқа қарай 45 км, Баткен қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 км қашықта орналасқан.

Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің күші: Лейлек, Рават, Қара-Суу, Коргон, Катран ауылдарында 3,5 балл шамасында, Берік-Суу, Қызыл-Чарба ауылдарында 3 балл болды.

 

Соңғы жаңалықтар