Қазақстандық сейсмологтер Қытайда жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА. KAZINFORM — 30 наурызда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Ұлттық сейсмологиялық байқаулар және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісі
Фото: azerbaycan24.com

Сейсмологиялық оқиға Астана уақытымен 17:24:51-де болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі 41,303° солтүстік ендік және 83,490° шығыс бойлық координаттарында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 584 шақырым қашықтықта орналасқан.

Айта кетелік Жамбыл облысында жер сілкінісінің салдарын бағалау жөніндегі үкіметтік топтың жұмысы жалғасып жатқанын және Үкіметтік жұмыс тобы жер сілкінісінен зақымданған нысандарды аралағаны туралы жазған едік.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелгенін жазған болатынбыз. Есептелген қарқындылығы Меркі ауылында — 5.0 балл, Құлан ауылында — 4.0 балл, Шу қаласында — 2.0 балл шамасында болған.

 

Соңғы жаңалықтар