Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 15:52-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Kazinform.

сілкінісі
Фото: pixabay.com

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,8.

MPV магнитудасы – 4.4.

Жер сілкінісінің координаттары –41,16° с.е., 78,61° ш.б.

Тереңдігі – 5 км.