Қазақстандық сейсмологтер Ресейде болған жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА. KAZINFORM –  ТЖМ «Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Ресей Федерациясы аумағында болған жер сілкінісін тіркеді. 

Қазақстандық сейсмологтар Ресейде жер сілкінісін тіркеді
Фото: Анадолы

Атап өтілгендей, сейсмикалық оқиға 12 маусымда астана уақыты бойынша 16:23–те болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі 51.841 солтүстік ендік және 90.363 шығыс бойлық координаталары бойынша — Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1399 шақырым жерде, Ресей аумағында орналасқан.

Қазақстан аумағындағы есептік жер сілкінісі қарқындылығы сезілмейтін деңгейде болды. Қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Айта кетелік Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілген еді

Соңғы жаңалықтар