Қазақстандық сейсмологтер Ауғанстан аумағында жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақытымен 16:24-те жер сілкінісін тіркеді.

Өзбекстан бастамасымен Халықаралық жер сілкінісі құрбандарын еске алу күні белгіленді
Фото: oxu.az

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 865 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Эпицентрдің координаттары: 36.956° солтүстік ендік, 70.864° шығыс бойлық. Тереңдігі – 120 км.

Есептік қарқындылығы (баллмен): сезілмейді.

Бұдан бұрын 17 шілдеде Ауғанстан аумағында тағы да жер сілкінісі тіркелген еді.

Соңғы жаңалықтар