Қазақстандық сейсмологтер бүгін жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ТЖМ «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 19 наурызда Астана уақытымен 16 сағат 40 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Алматыда жер сілкінісі сезілді
Фото: aa.com.tr/ru

— Ошақ Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 301.00 км жерде орналасқан.  Қазақстан Республикасының аймақатры жер сілкінісін сезген жоқ, — делінген хабарламада.

Жер сілкінісі кезінде есте сақтау тиіс 10 қарапайым қадам:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жаркент тұрғындары жер сілкінісін сезінген еді.

Соңғы жаңалықтар