Қазақстандық студент Қытайда өткен BRICS чемпионатында қола медаль иегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Халық Республикасында өткен BRICS National Vocational Skills Championships халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында «Деректерді талдау және визуализация» құзыреттілігі бойынша қазақстандық студент жоғары нәтиже көрсетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстандық студент Қытайда өткен BRICS чемпионатында қола медаль иегері атанды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Габбас Сағыныш әлемдік деңгейдегі додада ІІІ орын иеленіп, қола медаль жеңіп алды.

Аталған халықаралық чемпионатқа Қытай, Ресей, Үндістан секілді 9 елден барлығы 137 команда қатысқан.

Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша чемпионаттың штаб-пәтері Маңғыстау энергетикалық колледжін «Болашақ технологиялар мен дағдылар» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырды. Сонымен қатар, тараптар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.

Айта кетелік ҰБТ форматы халықаралық стандарттарға сай жаңартылатыны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар