Қазақстандық таеквондошылар Хорватиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Загребте (Хорватия) өткен халықаралық рейтингілік турнирде сәтті өнер көрсетті.
Отандастарымыз жарыста үш медаль еншіледі. Оның екеуі алтын, біреуі күміс.
Нұрай Амангелді (59 келіге дейін) мен Балгерім Өтеген (68 келіге дейін) қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Ал Сабина Туртулова (68 келіден жоғары) жарысты екінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, шорт-тректен әлемдік турдың үшінші кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.
Қазақстанның 19 жастағы футболшысы ҚПЛ-дың ең қымбат ойыншысына айналды.