Қазақстандық теннисші Испанияда негізгі жарысқа жолдама алды

ТЕНЕРИФЕ. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Тенерифе (Испания) челленджер турниріне жолдама алды.

денис евсеев
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 373-орында тұрған литвалық Вилиус Гаубаспен шеберлік байқасты.

Д.Евсеев қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

1 сағат 14 минутқа созылған матчта ол 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. В.Гаубас 3 эйспен шектелді.

Осылайша негізгі жарысқа жолдама алған Денис Евсеевтің келесі қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Аустралия ашық чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмағанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар