Қазақстандық үш жас теннисші Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM - Мельбурн қаласында 24 қаңтар - 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатына қатысушылар тізімі жарияланды.

Қазақстандық үш жас теннисші Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайды
Фото: ҚТФ

Қазақстаннан негізгі жарыста үш жас теннисші бақ сынайды.

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 24-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Аустралия чемпионатында 10-ракетка болып тіркелген. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында әлемнің 60-ракеткасы Дамир Жалғасбай және рейтингіде 94-сатыдағы Даниэль Тазабеков өнер көрсетеді.

Заңғар, Дамир және Даниэль өткен жылы командалық әлем чемпионаты - жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің финалдық кезеңінде ел намысын қорғаған еді. Онда әлемнің төрт дүркін чемпионы Францияны жеңіп, 5-орынға табан тіреген болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Түркиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар