Қазақстандық Владлена Саменкова теннистен мінбедегі төрешінің қола белгісін алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық қазы Владлена Саменкова теннистен мінбедегі төрешінің қола белгісіне ие болды.

Владлена Саменкова
Фото: ҚТФ

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ақтөбелік В.Саменкова еліміздің батыс аймағынан алғашқы болып осындай халықаралық санатқа қол жеткізді.

Қола белгісі бар төрешілер WTA челленджерлері мен жарыстарында, АТР додаларының бастапқы сатысында, «Үлкен дулыға» турнирінің іріктеу сайыстарында, сондай-ақ жұптық матчтар мен микстерде қазылық етеді.

Соңғы жылдары Silver badge және Bronze badge санаты бар халықаралық дәрежедегі төрешілер қатарына Қазақстаннан Юлия Игнатченко, Меруерт Каукеева, міне, енді Владлена Саменкова қосылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Меруерт Каукееваның теннистен төрешінің күміс белгісіне ие болғанын жазған едік.

Сондай-ақ Александр Бублик Дубай АТР 500 турнирінің екінші айналымына өтті.

Соңғы жаңалықтар