Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарының қола жүлдесін алды
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Каролин Кипкируи Чепкоеч қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Каролинге қоса 5 мың метрлік қашықтыққа жүгіруден жарыс жолына Дэйзи Джепкемей де шықты.
Мәреге жақындағанда, жапониялық Ририка Хиронаканы басып озған үндістандық Парул Чаудхари чемпион атанды.
Кипкируи мәре сызығын үшінші болып, қола жүлдеге ие болды.
Бұған дейін ол 10 мың метрлік қашықтықта да үздік үштікке іліккен еді. Сондай-ақ жеңіл атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада қола медальді еншілеген болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мария Бровкованың Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ ағайынды Емельяновтар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті.
Алексей Луценко Қазақстан қоржынына бесінші алтын медальді салды.
Асланбек Шымбергенов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері Мария Бровкова алдағы мақсаты олимпиада жолдамасына қол жеткізу екендігін айтты.