Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан астам өтінім берді

Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан астам өтінім берді
Фото: Қосшы қаласының мектеп-гимназиясы

АСТАНА. KAZINFORM – 1-сыныпқа өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінге дейін 275 177 өтінім келіп түсті. Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100% көрсеткішке қол жеткізген.

Алдын ала болжам бойынша, 2024 жылдың 31-желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар саны 370 мыңнан асады, осылайша олардың бірінші сыныпқа баруға толық мүмкіндігі бар. 

Азаматтарға қолайлы болу үшін қызмет көрсету толығымен автоматтандырылды. Ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері өз өтінімдерін еgov.kz электронды порталында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады. Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. 

Өтінімдер қабылдау демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram