Қазақстандықтар елдегі мұнай-газ қорлары мен өндірісін қадағалай ала ма

Қазақстандықтардың елдегі мұнай-газ қорлары мен өндірісін нақты уақыт режимінде қадағалайтын мүмкіндігі бола ма? Бұл сұраққа ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс жауап берді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Энергетика вице-министрі
Фото: primeminister.kz

Вице-министр елдегі мұнай кен орындары, жанар-жанарғамай бекеттері, мұнай өңдеу зауыттары цифрланатынын, барлық ақпараттық жүйелер төрт позиция бойынша қаралып жатқанын атап өтті. Мұндай жүйенің Энергетика министрлігіне, басқа мемлекеттік органдарға, бизнес және азаматтар үшін пайдасы ескеріледі.

«Әрбір ақпараттық жүйенің өз бенефициарлары болады. Мысалы, мұнай-газды есепке алу жүйесінің бенефициары Энергетика министрлігі болып белгіленген. Мемлекеттік кірістер комитеті – бизнес субъектілерін камералық тексеру үшін бекітіледі және азаматтар тартылады. Өйткені камералық тексеру арқылы бюджетке ақша түсімінің тиімділігі жақсарады, бірақ кәсіпкерлік субъектілерінің өздері бұған мүдделі болмауы мүмкін, дегенмен олар заң жүзінде міндетті», - деді Бақытжан Ілияс.

Вице-министрдің айтуынша, қоғамдық бақылау үшін, көпшілікке қол жеткізу үшін ақпаратты қолжетімді ету жұмыстары жүргізілуде.

«Әлі де біраз адам білмеуі мүмкін, бірақ бізде ақпараттық-талдау орталығы бар, оның базасы бүгінгі күні аттестаттау-талдау орталығы болып қайта құрылды. Күн сайын мұнай мен газ өндіру көлемі жарияланатын телеграмм-канал бар. Тағы бір нәрсе – бұл ақпаратты азаматтарға жеткізу керек», - деп толықтырды вице-министр.

Соңғы жаңалықтар