Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан азаматтары қандай елдерге визасыз бара алады және ол мемлекеттерде қанша күнге дейін еркін бола алады.
Шетелге шығу тәртібі сапардың мақсатына және азаматтың дипломатиялық, қызметтік немесе жалпы азаматтық паспортына байланысты өзгереді. Бұл материалда жалпы азаматтық паспортпен, яғни қарапайым туристік немесе қонаққа бару мақсатындағы сапарларға арналған визалық талаптарды қарастырамыз.
Осы санатқа визасыз баруға болатын бірнеше мемлекет кіреді. Ең ұзақ визасыз болу мерзімі Грузияда, онда Қазақстан азаматтары бір жылға дейін еркін жүре алады. Сонымен қатар қазақстандықтар Албания, Колумбия, Әзербайжан, Беларусь, Моңғолия, Ресей, Сент-Китс пен Невис, Бразилия, Гаити, Косово, Молдова, Украина, Аргентина, Эквадор, Намибия, Гамбия, Сент-Винсент және Гренадинада 90 күнге дейін визасыз бола алады.
Түркия мен Туниске де визасыз баруға болады. Бұл елдерде 180 күннің ішінде 90 күнге дейін тұруға рұқсат берілген. Яғни жарты жыл ішінде елден бірнеше рет шығып қайта кіруге болады, алайда болу күндері қосылып есептеледі. Жиынтық көрсеткіш 90 күнге жеткенде визасыз кіру мүмкіндігі тоқтатылады.
Визасыз 30 күнге дейін Босния және Герцеговина, Бразилия, Вьетнам, Қатар, Қытай, Малайзия, Мальдив аралдары, БАӘ, Сейшел аралдары, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Доминикан Республикасы, Ямайка, Вануату, Микронезия, Тонга, Оман елдеріне бара аласыз. Мароккода 180 күннің ішінде 30 күн болуға рұқсат. Визасыз 14 күнге Гонконг пен Иранға кіре аласыз. 180 күнге – Армения, Антигуа және Барбуда елі жібереді. Барбадос визасыз 28 күнге қабылдайды, Кук аралдары – 31 күнге, Таиланд – 60 күнге.
Кейбір елдерге келген бойда виза алу қажет. Мұндай елдерге Бангладеш, Шығыс Тимор, Камбоджа, Индонезия, Шри-Ланка, Ямайка, Палау, Тимор-Лешти, Тувалу, Мальдив аралдары, Бурунди, Мысыр, Комор аралдары, Намибия, Маршалл аралдары, Самоа, Бангладеш, Мадагаскар жатады.
Сондай-ақ кейбір бағыттарда сапарға шығардан 2-7 күн бұрын онлайн электронды виза рәсімдеу мүмкіндігі бар. Мысалы, Оңтүстік Кореяда 30 күнге дейін болу үшін алдын ала K-ETA электронды рұқсаты қажет. Үндістанға қажетті күндерге арналған туристік e-visa талап етіледі. Вьетнамда Ханой, Халонг және жағажайларды зерттеу үшін 30 күндік Е-visa керек, ал Сауд Арабиясында тарихи орындар мен заманауи қалаларды көру үшін де Е-visa қажет.
Ал қалған елдерге бару үшін міндетті түрде виза алу керек. Олар: Австралия, Австрия, Алжир, Ангола, Ауғанстан, Багам аралдары, Бахрейн, Бельгия, Белиз, Бенин, Бирма (Мьянма), Болгария, Боливия, Ботсвана, Бруней, Буркина-Фасо, Бутан, Ватикан, Ұлыбритания, Мажарстан, Венесуэла, Габон, Гайана, Гана, Гватемала, Гвинея-Бисау, Гвинея Республикасы, Германия, Гондурас, Грекия, Гренада, Дания, Джибути, Доминика, Мысыр, Зимбабве, Израиль, Иордания, Ирак, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Йемен, Кабо-Верде, Камерун, Канада, Кения, Кипр, Кирибати, Конго, Конго-Киншаса, Коста-Рика, Кот-д Ивуар, Куба, Кувейт, Лаос, Латвия, Лесото, Либерия, Ливан, Ливия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Мавритания, Малави, Мали, Мальта, Мексика, Мозамбик, Монако, Науру, Непал, Нигер, Нигерия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Пәкістан, Панама, Папуа - Жаңа Гвинея, Парагвай, Перу, Польша, Португалия, Руанда, Румыния, Самоа, Сан-Томе және Принсипи, Солтүстік Македония, Сенегал, Сент-Люсия, Сингапур, Сирия, Словакия, Словения, Соломон аралдары, Сомали, Судан, Суринам, АҚШ, Сьерра-Леоне, Танзания, Тринидад және Тобаго, Түрікменстан, Уганда, Уругвай, Финляндия, Франция, Хорватия, Орталық Африка Республикасы, Чад, Черногория, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Экваторлық Гвинея, Эль-Сальвадор, Эритрея, Эсватини, Эстония, Эфиопия, ОАР, Оңтүстік Судан, Жапония.
Бұған дейін ЕО үшінші елдермен визасыз саяхатқа қатысты ережелерді қатаңдағанын жазғанбыз.
Айта кетейік, Қазақстанда емделуге цифрлық виза алу 48 елге қолжетімді.