Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады

АСТАНА. KAZINFORM – Маусым айында қазақстандықтар қажылықтың аяқталуы – Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Биыл ол 17 маусым дүйсенбіге түсіп тұр.

Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады
Фото: Kazinform

Құрбан айт – Ораза айт мерекесінен 70 күн өткен соң, Зүл-хиджа айының 10-шы күні исламда пайғамбар қастерлеген Ибраһимнің құрбандығын еске алу үшін атап өтіледі.

Осылайша, маусым айында қазақстандықтар қосымша тағы бір күн демалады.

Жалпы, маусымда айында 5 күндік жұмыс аптасында 11 демалыс, алты күндік жұмыс аптасында 6 күн демалыс бар.

Соңғы жаңалықтар