Қазақстандықтардың 80% ЛГБТ насихатты заңмен шектеуді қолдайды — сауалнама

АСТАНА. KAZINFORM — «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы республикалық деңгейде ЛГБТ насихатына қатысты сауалнама жүргізді. Оның қорытындысы туралы аталған орталықтың жетекшісі Ольга Симакова айтып берді.

Қазақстандықтардың 80% ЛГБТ насихатты заңмен шектеуді қолдайды – сауалнама
Фото: freepik

— Қазір қоғамда некенің екі түрі қалыпты нәрсе ретінде қабылданып жатыр. Соған қарамастан, әрбір үшінші азамат отбасылық құндылыққа қауіп төнді деп есептейді. Әрбір төртінші респондент күнделікті өмірде ЛГБТ үгіт-насихатына тап болған. ЛГБТ үгіт-насихаты ақпараттық кеңістікте бар екенін мойындауымыз керек. Себебі әрбір төртінші адам, қаласа да, қаламаса да, жиі немесе сирек болса да, күнделікті өмірде бұл тақырыппен бетпе-бет келеді, — деді Ольга Симакова.

Оның айтуынша, адамдар ЛГБТ насихаты туралы неғұрлым көбірек білсе, қоғамда ашық немесе жасырын үгіт-насихаттың бар екенін соғұрлым жиі айтады.

— Қазақстандықтардың 10-нан 7-і ЛГБТ насихатты қауіпті деп санайды. Зерттеуге қатысқан респонденттер ЛГБТ тақырыбына қатысты контентке алаңдаушылық білдірді. Респонденттердің 80%-ы ЛГБТ насихатқа заңмен шектеу қоюды қолдайды. Дәстүрлі құндылықтар мен балаларды қорғау жөніндегі уәждер кең қолдау тапты, әсіресе ер азаматтар, отбасылы адамдар және орта арнаулы білімі бар азаматтар қолдап отыр. Біз өз зерттеуіміз аясында мынадай сұрақ қойдық: «Қазақстандық жастар үшін ЛГБТ үгіт-насихаты қауіп төндіре ме? нәтижесін көріп отырсыздар, сауалнамаға қатысқандардың дені насихаттың өсіп келе жатқаны ұрпақ үшін белгілі бір деңгейде қауіпті екенін мойындады. Олардың әрбір төртіншісі қауіптің жоғары деңгейде екенін атап өтті. Демек, бұл тақырыпқа қатысты қоғамда қорқыныш пен алаңдаушылық бар деген қорытынды жасауға болады. Жас ұрпаққа төнетін қауіп бар екені негізінде мұндай насихатты шектеу немесе тыйым салу туралы аргумент қоғамда көпшіліктің қолдауына ие екенін және өміршең екенін көрсетіп отыр, — деп толықтырды орталық басшысы.

Айта кетейік, бүгін елордада ЛГБТ насихаттың балалар мен жасөспірімдерге әсерін зерттеу нәтижесі талқыланды. Аталған шараға сарапшылар, ғалымдар, мемлекеттік органдар өкілдері, депутаттар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Бұған дейін Қазақстанда ЛГБТ насихатқа қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынысы туралы жазған едік.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ насихаттың 73 пайызы әлеуметтік желіден тарап жатқанын айтып, дабыл қақты

Соңғы жаңалықтар