Қазақстандық боксшылар Германия жерінде әнұран орындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Германия жерінде әнұранымызды орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Естеріңізде болса, осыған дейін бас бапкер Мырзағали Айтжанов ҚазАқпарат тілшісіне берген шағын сұхбатында Германияда бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы келгенін, аталмыш елге 15 боксшыны алып келгенін айтқан болатынбыз.

Оның 10-ы осы елде өтетін турнирге қатысатынын және бесеуі Финляндия елінде өтетін тағы бір турнирге аттанатынын айтқан едік.

Бүгінде Қазақстан құрамасы Галла (Германия) және Хельсинкиде (Финляндия) өтетін халықаралық жарыстарға дайындығын толығымен аяқтағаны белгілі болды.

Ал қалған жігіттер Алматыдағы AIBA академиясында жаттығып жатыр. Олардың ішінен алты боксшымыз Бакуде өтетін «Жібек жолы» турниріне қатысады.

Енді, боксшылардың Германия жерінде әнұран орындаған видеосын ұсынамыз.

Соңғы жаңалықтар