Қазақстандық футбол клубтардың еурокубок ойындары қай телеарнадан көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық клубтардың қатысуымен өтетін UEFA Конференция лигасы ойындарының қай телеарнадан көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық футбол клубтардың еурокубок ойындары қай телеарнадан көрсетіледі

Аталған турнирдегі барлық ойын 21 шілдеге белгіленген. Тікелей көрсетілім Qazsport телеарнасынан жүргізіледі.

Қазақстандық клубтар арасында алғашқы болып сағат 17:50-де Петропавлдың «Қызылжары» елордада Хорватияның «Осиек» командасын қабылдайды.

Одан кейін 19:50-де Алматыда «Қайрат» Венгрияның «Кишварда» клубымен жасыл алаңға шығады.

Ал 21:50-де қостанайлық «Тобылдың» Гибралтарда өтетін жергілікті «Линкольна Ред Импс» клубымен кездесуі жанкүйер назарына ұсынылады. Негізінде ойынның басталуы 20:00-ге белгіленген.

Сондай-ақ, 00:50-де елордалық «Астана» сырт алаңда Польшаның «Ракув» командасына қарсы ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық клубтардың футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысындағы ықтимал қарсыластары анықталды.