23:08, 18 Тамыз 2022 | GMT +5
Қазақстандық каратэші София Берульцева Исламиадада алтын алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында каратэ-додан София Берульцева чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін қазақстандықтар спорттық гимнастика, кикбоксинг, каратэ-до спортынан сынға түсті.
Каратэ-до спортынан 68 келіден жоғары салмақта София Берульцева чемпион атанды.
Сондай-ақ, 18 тамызда кикбоксингтен Берік Ысқақов (63,5 келі) алтын алды. Оған қоса Батырхан Қуандықов (63,5 келі), Нұрдәулет Қалшора (57 келі), Шара Хамзина (60 келі) қола жүлдегер атанды.
Айта кетсек, аталған спорт түрінен 17 тамызда Нұрсұлтан Жұмабаев (51 келі), Әлихан Оздоев (67 келі), Марат Өсіпов (71 келі) чемпион атанған еді.
Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.
Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталған еді. Бүгін, 18 тамызда мәресіне жетеді.