Қазақстандық сейсмологтер Қытай аумағындағы жер сілкінісін тіркеді

None
Photo: shutterstock.com
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 16 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 10:38-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 560 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.7

MPV магнитудасы – 4,2.

Тереңдігі – 10 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Алматы маңында бүгін 2 рет жер сілкінісі тіркелді.


Соңғы жаңалықтар