Қазақстандық теннисші Мюнхен турнирінің финалына шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Мюнхен (Германия) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

А.Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге жартылай финалда бразилиялық Рафаэль Матос – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен күш сынасты.

Екі партия да тартысты өрбіп, матч тағдыры тай-брейкте шешілді.

Бразилиялық-испаниялық жұп 7:6 (7:1), 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қарсыластар бір-бірден брейк жасады.

Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов пәкстандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге Португалиядағы Эшторил ATP 250 додасының жартылай финалына өте алмады.

Олар осы жарыстың 1-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей – жаңазеландиялық Майкл Винуске есе жіберді – 4:6, 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ӘЧ іріктеу кезеңінде үшінші орынға таласатынын, Елена Рыбакинаның Мадрид турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар