Қазақстандық теннисші WTA қорытынды турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Пэм Шрайвер тобында бастапқы кездесуін Габриэла Дабровски (Канада) - Джулиана Ольмос (Мексика) жұбымен өткізді.
Бірінші партияда Анна мен Беатрис 7:5 есебімен басым түсті.
Қазақстандық-бразилиялық жұп екінші сетте бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды.
Қазақстандық-бразилиялық жұп аталмыш топта сондай-ақ Людмила Киченок (Украина) - Елена Остапенко (Латвия) және Элизе Мертенс (Бельгия) - Вероника Кудерметовамен (Ресей) шеберлік байқасады.
Әр топтан екі үздік жұп плей-офф кезеңіне жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисші қатысатын WTA қорытынды турнирінің жеребесі тартылғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ 15 жасар қазақстандық теннисші ересектер арасындағы халықаралық турнирге жолдама алды.
Фото: ktf.kz