23:31, 26 Қазан 2022 | GMT +5
Қазақстандық теннисшілер Швейцариядағы жарыстың ширек финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев Базель (Швейцария) ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған қазақстандық жұп алғашқы айналымда жарыстың 4-ракеткалары, ұлыбританиялық Ллойд Гласспул - финляндиялық Харри Хелиоварамен кездесті.
А.Недовесов пен А.Голубев 1 сағат 26 минутқа созылған матчта 7:5, 4:6, 10:3 есебімен жеңіске жетті.
Олар 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.
Қазақстандық жұп жартылай финалға шығу үшін бразилиялық Рафаэль Матос испаниялық Давид Вега Эрнандеспен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Франциядағы турнирдің екінші айналымына шыққанын , Тимофей Скатовтың Перудегі жарысты сәтті бастағанын жазған болатынбыз .