Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық жұп түркиялық Нехир Доган – болгариялық Эмма Фантусиспен шеберлік байқасты.
С.Кенжебаева мен Ж.Рүстемова тартысты бәсекеде жеңісті жұлып алды – 4:6, 6:0, 10:4.
Қазақстандық жұптың ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Қазақстандық теннисшілер жекелей сында да сәтті өнер көрсетуде. 17 жастағы Сандуғаш іріктеу сайыстарының финалында швециялық Нора Свенсонды тізе бүктірді – 6:2, 7:6 (7:3). Ал 18 жастағы Жанель словениялық Брина Сулиннің меселін қайырды – 6:3, 6:4. Енді олар негізгі додада бақ сынайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ақ 15 жасар қазақстандық теннисшінің ересектер арасындағы халықаралық турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші WTA қорытынды турнирін сәтті бастады.