Қазақстандық теннисшілердің АҚШ ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Үлкен дулыға» турнирі - АҚШ ашық чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің ерлер арасында бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 71-орында тұрған франциялық Уго Гастонмен кездеседі.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы, Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.

Рейтингте 39-сатыдағы Юлия Путинцева әлемнің 24-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовадан өтуге тырысып көреді.

Сондай-ақ Анна Данилина, Андрей Голубев және Александр Недовесов жұптық сында жарысқа қатысады. Олардың қарсыластары кейін анықталады.

US Open додасы 29 тамыз - 10 қыркүйек аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар