16:14, 04 Шілде 2021 | GMT +5
Қазақстандық жас теннисші Уимблдон іріктеу сайысының финалына шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Татьяна Николенко Уимблдон жастар турнирі іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық жас теннисші алғашқы кездесуінде швециялық Клара Милишевичті жеңді.
Т.Николенко қарсыласынан 6:4, 6:2 есебімен басым түсті.
Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды.
Ертең, 5 шілде күні қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында чехиялық Никола Бартунковамен шеберлік байқасады. Оны ұтса, негізгі жарысқа жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Уимблдон жастар турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайтынын, Александр Бубликтің төртінші айналымға шыға алмағанын жазған болатынбыз.
Есесіне Андрей Голубев жұптық сында үшінші айналымға шықты.