Қазақстандыққа Ангола халқына интернациональдық көмегі үшін медаль тапсырылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жауынгер-интернационалист, Ангола мен Намибиядағы соғыс қимылдарының ардагері, полковник Қажымұқан Сәтеновке ресейлік «Ангола ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің «Анголаға интернациональдық көмегі үшін» медалі тапсырылды.
None
None

Бұдан отыз жылға жуық уақыт бұрын, 1987-1988 жылдары Кеңес армиясының полковнигі Сәтенов Анголаның оңтүстік-батысындағы тропикалық ормандарда үкіметтік армия жауынгерлерін даярлау жөніндегі нұсқаушы болып қызмет етті. Оның барлық қызметі 1-бригада мен 20-бригада аралығында ұшумен өтті.

- Мен Оңтүстік-Батыс Африка Халықтық ұйымының осы бригадаларда командирлердің кеңесшісі болдым, - деп еске алады бүгінде ҚР қарулы күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе филиалының төрағасы Қажымұқан Асауұлы. - Бірінші мотожаяу әскерлері бригадасы Лубанго қаласының түбінде УНИТА ұйымы көтерілісшілеріне қарсы соғысты, ал 20-шы бригада (Андуло маңында) үкіметтік әскерлермен күрескен Намибия патриоттары болды. Сөйтіп, менің Ангола мен Намбияның қазіргі тарихына қатысым бар.

«Бұл медаль маған өте қымбат, ол менің жас күндерімді еске түсіреді. 2012 жылы мен Намибия президентінен алғысхат алдым. Менің қызметімнің тарихы Мәскеуде осы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына - 2015 жылғы 1 сәуірге қарай мерейтойлық буклет болып шықпақ, - деді Қ.Сәтенов.

ҚР мен Кеңес одағы Қарулы күштерінің ардагеріне медальді облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы Ғалымжан Жантурин тапсырды, оны қарулас достары - «Жауынгерлік туыстық» қоғамдық бірлестігінің мүшелері құттықтады.

Соңғы жаңалықтар