12:49, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
Қазақстандықтар ядролық сынақ құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жергілікті уақыт бойынша 11.05 минутта, БҰҰ ядролық қаруды сынауға қарсы Халықаралық күніне орай, сынақ құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алу шарасы өтті.

«Ядролық сынақтың зардабын бастан кешкен Қазақстан халқы үшін ядролық қаруды түп-түбірімен жою мәселесі - өмірлік маңызға ие мақсат», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
ҚР Президенті Н.Назарбаев Семей полигоны жабылған күн - 29 тамыз күнін ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау бастамасын көтерген болатын.
Семей полигоны жабылғаннан кейін әлемде Невада, Новая Земля, Лоб-Нор мен Муруроа полигондары жарылысты тоқтатты. 40 жыл ішінде Семейде 500-ге таяу ядролық жарылыс орын алды, 1,5 млн. адам зардап шекті.