Қазақстандықтардың 1 млрд теңгесін қалтаға басқан күдікті Минскіден елге жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды 1 млрд теңгеге алдаған алаяқты Минскіден экстрадициялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

Қазақстан полициясы Ресей азаматы Ольга Клейнардтың Қазақстанға экстрадициялануына қол жеткізді.

Ол «Questra World» ірі қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталуда. Ольга Клейнард еліміздің аумағында алаяқтардың әрекетіне жетекшілік етті.

Алаяқтық салдарынан мыңдаған қазақстандық алданып, келген шығын сомасы 1 млрд теңгеден асты. Ол Беларусь Республикасының аумағында ұсталды.

Кеше ол Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Қазіргі уақытта күдікті азаматша тергеу изоляторларында.



Соңғы жаңалықтар
telegram