Қазақстанға қоныс аударушыларға тұрғын үй мен жұмыс табуға қолдау көрсетіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Қоныс аударушылар мен қандастарды қолдау аясында 471 отбасыға 4,5 млн теңгелік тұрғын үй сертификаты берілді.

Былтыр Қазақстанға қанша қандас көшіп келді
Коллаж: Kazinform

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауабында көшу мен бейімделуге бағытталған қолдау шаралары бірнеше бағытты қамтитынын хабарлады.

— Қоныс аударушылар мен қандастарға көшуге біржолғы төлемдер, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу, жұмыс берушілерге субсидия беру, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын ұсыну көзделген, — делінген министрліктің ресми жауабында.

Сонымен қатар қоныс аударған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі де оң шешіліп жатыр:

🔹 Еңбекке жарамды жастағы азаматтар саны — 2 982 адам
🔹 Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 1 756 адам
🔹 Кәсіпкерлікпен айналысып жүргендер — 45 адам
🔹 Мемлекеттік грант алғандар — 31 адам

Министрлік мәліметінше, мемлекеттік қолдау аясында:

▪️ көшу кезінде отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде біржолғы төлем беріледі;
▪️ тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге байланысты шығындарды өтеу үшін бір отбасына ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін, 12 ай бойы төлем қарастырылған;
▪️ қоныс аударуға жәрдем көрсеткен жұмыс берушілерге 400 АЕК көлемінде субсидия беріледі;
▪️ қоныс аударушылар қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі;
▪️ жұмысқа орналасуға немесе кәсіп бастауға қолдау көрсетіледі, оның ішінде экономикалық мобильділік сертификаттары беріледі.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстанға 6 843 адам көшіп келген

Соңғы жаңалықтар