Қазақстанға Тәжікстан азаматтары қандай мақсаттармен келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 11 айында Қазақстанға 4 093 Тәжікстан азаматы келді. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Владимир Волков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде уақытша тіркеуге 56 мыңнан астам Тәжікстан азаматы тұрды. Оның ішінде 33 мыңнан астамы жеке шаруаларымен сапарлаған. 10 мыңнан астамы Қазақстанға турист ретінде, сондай-ақ 10 072-сі жұмысқа келген. Тәжікстан азаматтарының басым бөлігі Алматыда уақытша тіркеуде тұр, яғни қалада 30 мыңнан астам адам бар. Алматы облысында 7 мыңға жуығы, Астанада 4 508 адам тіркелген», - деді В. Волков.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылғы 11 айда елімізде болу тәртібін бұзғаны үшін 3 777 тәжікстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, аталған құжат аясында Қазақстан азаматтары Тәжікстанда, тәжікстандықтар қазақ елінде 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады.

Соңғы жаңалықтар
telegram