Қазақстаннан Өзбекстанға жерасты құбырымен бензин тасымалдағандар ұсталды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жасырын құбыр тартып, сол арқылы жанармай тасымалдаумен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

UzA ақпарат агенттігінің мәліметінше, екі өзбекстандық Қазақстан азаматымен сөз байласа отырып, АИ-92 бензинін Түркістан облысының Сарыағаш ауданынан Ташкенттің Қыбырай ауданына тасымалдаған.
Заңсыз әрекетті іске асыру үшін олар 300 метрге жуық жерасты құбырын тартып, сол арқылы Қазақстаннан Өзбекстанға жанармай жіберіп отырған.
Анықталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, былтыр газ бен электр энергиясын заңсыз пайдаланған өзбекстандықтар мемлекетке $108 млн шығын келтірді.
Сондай-ақ, жыл соңына қарай Өзбекстанда АИ-80 маркалы бензинін сатуға шектеу қойылмақ.