Жыл соңына қарай Өзбекстанда АИ-80 маркалы бензинін сатуға шектеу қойылмақ
ТАШКЕНТ. KAZINFORM -Тиісті шешім Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің жарлығымен бекітілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Жарлыққа сәйкес, «Еуро-4» санатынан төмен деп танылған барлық отынды пайдалану мен сатуға шектеу қойылмақ. Бұған дейін АИ-80 маркалы бензинінен 2028 жылға дейін біртіндеп бас тарту жоспарланған болатын.
Сонымен қатар, құжатта жазылғандай, 2025 жылдың соңына дейін қазандықтар мен жылу электр орталықтарында отын ретінде мазутты пайдалануға тыйым салынады. Дегенмен жанармайдың бұл түрін төтенше жағдайлар кезінде қолдануға рұқсат етіледі.
Айта кетсек, 2017 жылы Қазақтандағы мұнай өңдеу зауыттарында АИ-80 маркалы бензинін өндіру тоқтатылған болаты.
Бұған дейін Өзбекстанда электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін екенін жазып едік.