Қазақстанның 10 қаласында қайталама тұрғын үй бағасы арзандаған

Жилье квартиры многоэтажные дома Тұрғын үй пәтерлер көп қабатты үйлер
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Соңғы 6 айда Қазақстанның 17 қаласының 10-ында қайталама тұрғын үй арзандады. 

Бұл туралы Krisha.kz мониторинг жүргізген. Ұсыныстың орташа бағасы мына қалаларда төмендеді: 
Қызылорда: -3%
Семей: -1,9%
Шымкент және Қарағанды: -1,7%
Алматы: -1,3%
Атырау: -1,2%
Қостанай, Өскемен, Павлодар, Тараз: 1% шегінде.

Сонымен қатар, қайталама тұрғын үй бағасы алты қалада, әсіресе Петропавлда (+4,7%), Ақтауда (+3,1%), Орал қаласында (+1,9%) қымбаттаған. Астанада жылжымайтын мүлік бағасы өзгеріссіз қалып отыр.
Мамырмен салыстырғанда пәтерлер 10 қалада арзандаған.

Бір жылдағы өзгерістер

Қазақстан бойынша орташа бағалар 0,2%-ға төмендеді, 11 қалада пәтерлер арзандады. Бағаның өсуі Ақтауда (+8,1%), Петропавлда (+3,6%), Алматыда (+1,9%), Астанада (+1,4%), Орал қаласында (+0,5%) тіркелді.
Маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстанда 1 шаршы метрдің орташа бағасы 370,2 мың теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар