Қазақстанның алтын қоры қанша жылға жететіні белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі еліміздің пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзіміне қатысты жаңартылған деректерді жариялады.

Қазақстандағы алтын бағасы төмендеді: соңғы бағам қандай
Фото: Pixabay.com

Қазақстан — табиғи ресурстарға бай ел болып қала береді. Соңғы деректерге сәйкес, қазіргі өндіру көлемін ескерсек, негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі мынадай:

  • Алтын — 30 жыл
  • Мыс — 38 жыл
  • Қорғасын — 156 жыл
  • Темір кендері — 957 жыл
  • Көмір — 350 жыл

Сол сияқты тұрақтылық марганец, титан, молибден және басқа да стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар бойынша да байқалады.

— Бұл — қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат нарығындағы орнын одан әрі нығайта алады деген сөз. Ресурстық база тұрақтылығы — инвестиция тартудың, тау-кен өнеркәсібін дамытудың және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тірегі, — деп атап өтті ведомство.

Бұған дейін канадалық компания Қазақстанда сирек кездесетін пайдалы қазба өндіруге екінші лицензиясын алғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар