Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік додада күміс жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM — Дубайда өткен «Тhe UAE SWAT Challenge 2025» халықаралық жарысының жеңімпаздары елге оралды.

Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік додада күміс жүлде алды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Бес күн бойы өткен арнайы жасақ олимпиадасына әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам команда қатысты.

Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік додада күміс жүлде алды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Қазақстанның күштік құрылымдарының атынан 12 команда бақ сынады. 

Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік додада күміс жүлде алды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Сіздер шеберлік, төзімділік және нағыз жауынгерлік рухты көрсеттіңіздер. Елдің туын көкке көтеріп, ел намысын арттыра білдіңіздер. Бүкіл әлемді мойындаттыңыздар, біз сіздерге қарап бір күш, бір жұдырық екенімізге тағы көзіміз жетті. Қандай құрылымда қызмет етсек те міндет ортақ — елдің қорғаны болып, қауіпсіздікті сақтау, заң мен тәртіпті орнатуға күш салу. Сіздерге барлық күштік құрылым жанкүйер болды, тақымын қысты, бүкіл халық болып жеңіске куә болдық. Жастар сіздерге қарап бой түзеді, антқа берік болды. Алғаш рет арнайы жасақтар қатарында аруларымыз қатысты, олар әлемнің мықты жігіттерімен бірге сынға түсті. Нағыз шеберлік пен қайсарлықтың белгісін көрсетті. Бұл нағыз ерлік. Құрметті жауынгерлер, біз сіздермен мақтанамыз, әрқашан, әр сайыста тек қана жеңіс болсын, алға Қазақстан!, — деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов арнайы жасақ құрамасын салтанатты түрде қарсы алу барысында.

Ержан Саденов
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Жарыс барысында әлемнің үздік жауынгерлері шынайы операциялар негізінде жасалған бес күрделі кезеңнен өтті.

арнайы жасақ
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Жарыс жылдан жылға жетілдіріліп жатыр, осал ешкім жоқ. Барша Қазақстан біздің жарысты қарады, қазаққа қиын ештеңе жоқ. Жігітті намыс өлтіреді, қазақ үшін, ел үшін, біздің қызмет үшін намысты бермеуге тырыстық, үлкен дәрежеге жеттік, — деді Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы қызметі «А» жасағының мүшесі Мадияр Тілеулинов.

арнайы жасақшы Мадияр Тілеулинов
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Осы орайда жеңімпаз жерлесіміз қолдау білдірген барша қазақстандыққа алғыс айтты. 

Қазақстандықтар
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Бізге мол тәжірибе берді, өйткені жарыста практика, тактика бәрі бірге жүреді. Бұл арнайы жасақта жүрген қызметші үшін маңызды. Жарысқа 3 ай дайындалдық, — дейді ол.

арнайы жасақ
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Тартысты турнирде қазақстандық команда жеделдік, ұйымшылдық, дәлдік және біліктіліктерін көрсетті.

арнайы жасақ
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» командасы үш кезеңде жүлделі орынға ие болды, оның ішінде 2 алтын жүлде.

арнайы жасақ
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Жалпы көрсеткіш бойынша «Сұңқар» сайыпқырандары жарыстың күміс жүлдегері атанды.

арнайы жасақ
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Доданың екінші кезеңінде мемлекеттік күзет қызметінің «Sardar А» командасы «алтын» алса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Arystan Team» командасы екі кезеңде үздік үштіктен көрінді. 

арнайы жасақ
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі құрылымындағы «Tomiris» әйелдер командасы ерлермен қатар әлемдік жарыста ел намысын қорғады.

арнайы жасақ
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Қазақстандық арулар әйелдер командалары арасында 2-ші орынға ие болды.

Бұған дейін Қазақстанның күштік құрылымдарының арнайы бөліністері Дубайда «Тhe UAE SWAT Challenge 2025» VI халықаралық жарыстарына қатысып жатқаны туралы хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар