Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері 80-нен астам елге экспортталады - Президент

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан шетелдік инвесторлардың қатысуымен агроөнеркәсіп кешенінде 5 млрд доллардың жобаларын іске асырады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

көрме
Фото: Ақорда

«Қазақстанның ауыл шаруашылығы дамыту бүкіл Орталық Азия өңірінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық басымдық саналады. Қазақстан аумағы 200 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабымен әлемде алтыншы орында тұр. Қазіргі уақытта біздің ауыл шаруашылығы өнімдеріміз әлемнің 80-нен астам еліне экспортталады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы соңғы алты жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есеге артып, 5 миллиард доллардан асқанын баса айтты.

«Біз агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялық секторға айналдыруды ұмтылып отырғандықтан, шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 5 миллиард доллар болатын 100-ден астам жоба жүзеге асырылады», — деді Президент.

Бұған дейін Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға дайын инвесторларды іздейтіндігін жазған едік.

Сондай-ақ 2029 жылға қарай еліміз 150 млрд доллар тікелей шетел инвестициясын тартады.

 

Соңғы жаңалықтар