Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Синоптиктер 18 қаңтарда елде бұрқасын, көктайғақ, тұман болады деп болжап отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Түнде Абай ауданында бұрқасын болады. Күндіз шығыс, оңтүстік және облыс орталығында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен соғады, батыста, оңтүстік-батыста, солтүстікте және облыс орталығында күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын соғады.
Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады.
Алматы облысының солтүстік-батысында кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ болып, тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында нөсер жауын, қар аралас жаңбыр жауады. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. 18-19 қаңтарда облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с.
Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында қар жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде, батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз көктайғақ болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде кей жерлерде тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бұрқасындатады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні батыста, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында қарлы боран соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.
Түнде Түркістан облысының таулы аймақтарында нөсерлетеді, жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы асуларында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ болады.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жолдардың бірінде көлік қозғалысына тыйым салынды.
Сонымен қатар ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында жол жабылатынын хабарлады.