Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік, көктайғақ және қатты жел күтіледі

АСТАНА. KAZINFORM — 30 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Синоптиктер үсік, тұман, көктайғақ пен секундына 15–20 метрге дейін жететін жел туралы ескертті. Сонымен қатар бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті. 

Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік, көктайғақ және қатты жел күтіледі
Фото: Көлік министрлігі

Маңғыстау облысы

30 қазанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 30 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

30 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 30 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы

30 қазанда Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 30 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 30 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 30 қазанда кей уақытта туман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысы

30 қазанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 30 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 30 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы

30 қазанда түнде Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

30 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

30 қазанда Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

30 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

30 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы

30 қазанда Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыс бойынша 4-9 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында, отралығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 30 қазанда түнде 7-9 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Айта кетейік, 29–31 қазан күндері Қазақстанның батысында ауа температурасы +22°С-қа дейін көтерілсе, еліміздің солтүстігі мен шығысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында қар жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжамынша, түнде елдің басым бөлігінде ауа температурасы 0°С-тан төмендейді.